Эльжана Таниева көркем гимнастикадан Испанияда қола жүлдені жеңіп алды

Көркем гимнастика, гран-при турнирі, Испания, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 12:55 Сурет: olympic.kz
Испанияның Марбелья қаласында өткен көркем гимнастикадан гран-при турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада сайтының жазуынша, отандық гимнаст ұршықпен жаттығу бойынша қола медаль жеңіп алды. Бұл жаттығуда болгариялық Стиляна Николова топ жарса, оның отандасы Ева Брезалиева күміс жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бұл Эльжананың осы маусымдағы екінші медалі. Бұған дейін ол Ресейдегі гран-при турнирінде күміс иеленген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: