Афинада өткен жарыста қазақстандық дзюдошылар бес медаль жеңіп алды
Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Дзюдо бойынша жаңа маусымда Қазақстан жастар құрамасы бес қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Афина қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы бес қола медаль иеленді. Бұл – Қазақстан жастар құрамасы үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс.
Еуропа кубогінде жүлдегер атанған спортшылар тізімі:
Нұрқанат Серікбаев (60 кг)
Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 кг)
Асанәлі Абзалбек (73 кг)
Айдар Арапов (90 кг)
Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 кг)
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript