Головкин мен Мурата жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

9 сәуір күні Жапонияда орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен WBA «супер чемпионы» белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалай алады. Бокс кеші Сайтама қаласында өтеді, оны Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.
Трансляция 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-де басталады.
Ал Головкин мен Муратаның кездесуі шамамен 19:00-де басталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript