Қазақстан құрамасы Bille Jean King Кубогының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады
Іріктеу жарыстары бастала салысымен Оңтүстік Корея, Сингапур және Вьетнам командаларымен бірге D тобына кірген қазақстандық теннисшілер кореялықтарды жеңді, деп хабарлайды ҚФТ баспасөз қызметі.
Бірінші болып Ярослава Шведованың шәкірттерінің бірі Асылжан Арыстанбекова кортқа шықты. Оның Ким Е Юнге қарсы ойыны өте қызықты әрі тартысты өтті, жеңіс біздің ойыншының еншісінде. Есеп: 3:6, 6:4, 6:0.
Екінші матчта Айя Нұпбай екі сетте Сон Ха Юнды 6:1, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтты. Жеңімпаз үшінші шешуші жұптық ойында анықталды. Айя Нұпбай Карина Жұмаджановамен бірге бір сағат бойына Сон Ха Юн мен Ким Е Юнға қарсы ойнады. 6:4, 6:1 есебімен қазақстандықтар басым түсті.
5 сәуірде қазақстандық жасөспірімдер бірінші турда Сингапур құрамасын 2:1 есебімен ұтып кеткен Вьетнам командасына қарсы ойнайды.