Серік Теміржанов Thailand Open халықаралық турнирінің чемпионы атанды
Сурет: kfb.kz
Қазақстан Thailand Open халықаралық бокс турнирінде алғашқы алтын медальды еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алтын медаль 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Серік Теміржанов ұтып алды.
Финалдық жекпе-жекте ол филиппиндік Ян Кларк Баутистамен қолғап түйістірді.
Бұған дейін аталған халықаралық турнирдің күміс жүлдесін Сұлтан Мусинов иеленген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript