Жаңалықтар тізбегі
0

«Сарыарқа» ХК Хоккейден Қазақстан Чемпионатының финалы туралы: «Жеңіс үшін бәрін беруге дайынбыз»

«Сарыарқа» хоккей клубы, Хоккейден Қазақстан чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 12:46 Сурет: «Сарыарқа» хоккей клубы
Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты финалға өтті. Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері Петерис Скудра «Арлан» клубына қарсы өтетін бірқатар матчтарға дайындық барысы туралы айтып берді.

Хоккейден Қазақстан чемпионатының финалы жақындап қалды, онда еліміздің қазіргі чемпионы «Сарыарқа» клубы мен осы атаққа үміткер Көкшетау қаласының «Арлан» хоккей клубы кездеседі. Бұл ойында Қарағандылық командаға оның бас серіктесі — Қазақстандағы №1 онлайн букмекерлік кеңсе атанған Parimatch компаниясы қолдау көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық қырандар Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымының жеңімпазы атанып, IIHF континенталдық кубогының суперфиналында күміске қол жеткізген еді. Команданың жеке ойыншылары да ерекшеленді  – 29 жасар Сергей Барбашев үздік шабуылшы атағын иеленді.

0, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 12:46

Сурет: «Сарыарқа» хоккей клубы

Елге оралған соң команда плей-офф кезеңінде алға шығып, 11 сәуірде «Номадпен» өткен кездесуде финалға шығу үшін барын салды. Ойын тартысты өтіп, тек қосымша уақыттың 71-минутында Степан Грымзиннің дәл көздеген соққысымен аяқталды. Қазір команда қайта күш жинап, финалға дайындалуда. «Сарыарқа» ХК-ның бас бапкері Петерис Скудра жаттығудың қалай өтіп жатқанын айтып берді.

Ойынды әдеттегідей сеніммен күтудеміз. Күш жинап, ем алуға бір-екі күніміз болды. Ал қазір финалға қызу дайындалып жатырмыз. Ең алдымен жігіттерді физикалық тұрғыдан шыңдаймыз, мұз айдынына жақсы дайындықпен шыққымыз келеді. «Сарыарқа» ХК-ның бас бапкері Петерис Скудра

«Сарыарқа» ХК-ның бас бапкері, хоккей, Хоккейден Қазақстан чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 12:46

Сурет: «Сарыарқа» хоккей командасы

«Арлан» ХК екінші финалист атанды. 11 сәуірде өткен ойында көкшетаулық клуб «Бейбарыс» ХК-нан 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды. Қарағандылықтар финалда қай қарсыласпен кездесетінін білу үшін нәтижені асыға күтті.

«Арлан» – тәжірибелі команда, жеңісті оңайлықпен бермейтіні анық. Біз ойынның әр микроэлементін назардан тыс қалдырып алмас үшін бар күшімізді салуға тырысамыз.«Сарыарқа» ХК-ның бас бапкері Петерис Скудра

«Сарыарқа» хоккей клубы, хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 12:46

Сурет: «Сарыарқа» хоккей клубы

Финалдық кездесулер сериясы 16 сәуірде басталады. «Сарыарқа» ХК-ын жетістікке жетелеп келетін маңызды факторлардың бірі – оның адал жанкүйерлерінің, сондай-ақ команданың серіктесі – Қазақстандағы №1 онлайн-букмекері болып табылатын Parimatch-тың қолдауы.

Сұхбатты пайдаланып, Скудра клубтың жаңа титулын асыға күтіп жүрген жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Құрметті жанкүйерлер, сіздердің эмоцияларыңыз арқылы берілетін қолдауларыңыз үшін көп рақмет. Әрқайсымыз жеңіс үшін барымызды беруге дайынбыз, бірақ сіздерсіз мұның мәні болмас еді. Баршаңызды алдағы ойында асыға күтеміз!«Сарыарқа» ХК-ның бас бапкері Петерис Скудра
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: