Жаңалықтар тізбегі
0

Теннисші Юлия Путинцева әлемнің экс бірінші ракеткасын жеңді

Теннис, теннисші, Билли Джин Кинг кубогы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 17:35 Сурет: olympic.kz
Ұлттық теннис орталығында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан – Германия матчы басталды. Юлия Путинцева Анжелика Керберді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz сайтының жазуынша, алдымен кортқа Юлия Путинцева мен Анжелика Кербер шықты. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш мәрте жеңімпазы Анжелика қазіргі кезде 17-орында болса, Путинцева 52-сатыда еді. Бұған дейін германиялық теннисші Юлияны екі рет ұтқан еді.

Бірінші партияны қарсыластар брейк алмасумен бастады. Содан кейін Кербер қарқынды ойнап, есепті 5:1-ге жеткізді. Ю.Путинцева брейк жасағанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 3:6.

Есесіне екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Юлия брейк жасай білді. Тағы бір брейкпен өзінің геймін де алды – 5:1. Бұдан соң Анжелика есепті қысқартқанымен, қазақстандық теннисші сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Путинцева 3:0 есебімен алға кетті. Сосын матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:2. Тартысты өткен бәсеке барысында Юлия, әсіресе, қысқа соққылармен қарсыласын қапы қалдырып отырды.

Осылайша Қазақстан 1:0 есебімен алға шықты.

Ендігі жекелей сында Елена Рыбакина мен Лаура Зигемунд шеберлік байқасады. Қалған ойындар ертеңге жоспарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: