Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді
Сурет: Instagram/rustembai
Рүстем Байсейітов қаңтар оқиғалары кезінде алған жарақатынан толық айықпағанын, әлі толыққанды оңалту курстарынан өту үшін уақыт қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаңтар оқиғалары кезінде жарақат алған Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қызметінен кететінін мәлімдеді.
Байсейітовтің айтуынша, алған жарақаты әлі де оны мазалайды, соның салдарынан жұмысқа әзірге жарамсыз.
Білек қозғалысы белсенділігін қалпына келтіріп, толыққанды оңалту курстарынан өту қажет болғандықтан, мен өз лауазымым - Алматы спорт басқармасының басшылығын тастап, денсаулығыммен айналысу туралы шешім қабылдадым. Рүстем Байсейітов
Байсейітов өз қызметінде қол жеткізілген нәтижелерді атап өтті. Ол қоғамдық сауалнама және ҚР ҰОК тарапынан Алматы соңғы төрт жылда барлық кешенді Республикалық жазғы және қысқы спартакиадалардың, олимпиадалық циклдік ойындар мен жарыстардың жеңімпазы, үздік спорт өңірі болып танылғанын еске салды.
Қала басшылығының қолдауымен жан басына қаржыландыру бойынша біздің бастамамызбен спорт инфрақұрылымын арттыруда маңызды әлеуметтік жобалар іске асырылды, қала аудандарындағы қолға алынған алты спорт кешенінің алғашқы үшеуінің құрылысы аяқталды. Осы жылдар бойы жеңіске қарай өздеріңізбен бірге қол ұстасып, бірге қатар жүргеніме мақтан тұтамын. Рүстем Байсейітов
Байсейітов қолдау білдіргендер үшін алғысын жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript