Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай қазағы UFC-дегі дебютті жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен бастады

Қазақ Қытайы Сурет: pixabay
Сингапурда өткен аралас жекпе-жектен UFC 275 турнирінде тегі қазақ қытайлық Мақсат Қайсар әлемнің жетекші ММА лигасында дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 жастағы америкалық Стив Гарсиамен жекпе-жектің басында Мақсат қарсыласының иегіне күшті соққы жасап, еденге құлатты. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатып, 1:14 шамасында Мақсат Қайсардың бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді, делінген Prosports.kz мәліметінде.

Осылайша, Мақсат Қайсар кәсіби мансабында тоғызыншы рет жеңіске жетіп, UFC-де сәтті дебют жасады.

Оның қарсыласына келетін болсақ, Стив Гарсия профи-ММА-да бесінші жеңілісін мойындауға мәжбүр болды.

Маусым барша UFC жанкүйері үшін қызық болғалы тұр!

Әсіресе, алда қазақстандық файтерлердің жекпе-жектері күтеді. Сондай-ақ, қырғызстандық чемпион Валентина Шевченко кезекті рет титулын қорғайды. Одан бөлек, UFC-дегі алғашқы татар файтері Ринат Фахретдинов октагонға шығады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз