Қазақстандық таэквондодан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Таеквондодан әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2022 11:56 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таэквондошы Ярина Пуганцова кадеттер арасында өткен әлем чемпионатында 29 келіге дейінгі салмақта екінші орын алды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біздің спортшы төрт жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жетті. Өкінішке қарай, финалда ирандық Баран Ливани Жамал біздің таэквондошыдан мықты болып шықты. Осылайша Ярина Пуганцова әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Еске салайық, әлем чемпионатын Болгария, София қаласы қабылдайды. Жарысқа 77 елдің спортшылары қатысып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: