Рыпакова жеңіл атлетикадан U20 Әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Настя Рыпакова, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2022 12:57 Сурет: Instagram/rypakova_n
Кали қаласында (Колумбия) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл атлетикадан U20 Әлем чемпионатында ұзындыққа секіруден қазақстандық командадан Анастасия Рыпакова бақ сынады. Спортшы үздік нәтижеде 6,04 метрге секірді. Алайда мұндай нәтиже финалға жолдама алуға жеткіліксіз болды.

Рыпакова жарысты 18-орынмен аяқтады. Енді 12 финалист өзара жарысып, медальға ұмтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: