Жаңалықтар тізбегі
0

Сол қолмен-ақ: спорт тарихындағы ең танымал солайқайлар

Футбол, футболшы, солақай, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 12:39 Сурет: parimatch.kz
Халықаралық солақайлар күні қарсаңында біз бүгінгі таңда өз саласының мықты шебері екенін дәлелдей алған ең танымал солақай спортшылардың лайық бағаларын беруді жөн санадық.

Уэйн Гретцки

20-шы ғасырдың ең мықты хоккейшілерінің бірі Уэйн Грецки өзінің жұлдызды мансабында сол қолымен ойнаған. ҰХЛ-дағы 21 жылдық тәжірибесі үшін Грецки 61 рет рекорд орнатып, «Великий» деген лақап атқа ие болды. Оның есебінде 894 гол, 2857 ұпай және 1963 пас бар.

Сонымен қатар, Уэйн өзінің қоржынына лиганың барлық дерлік жеке марапаттарын жинады, оның ішінде ең беделділері: «Харт Трофи» (ең құнды ойыншы) - 9 рет және «Арт Росс Трофи» (үздік бомбардир) - 10 рет. Ол әйгілі «Егер сен мақсатқа жетуге бірде-бір әрекет жасамаған болсаң, онда жүз пайызға жеңілдің» деген қанатты сөздің авторы, бұл сөздер жас чемпиондарды бүгінгі күнге дейін шабыттандырады.

Лионель Месси

«Алтын доптың» жеті дүркін жеңімпазы және «Алтын бутсылар» алты дүркін иегерін таныстырудың қажеті жоқ шығар. Лионель Месси — Испания чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир және «Барселонаның» туғаны, жас футболшылар үшін үлгі боларлық спортшы, сондай-ақ құрметті солақай азамат. Оның арсеналында 41 командалық олжа және жеке рекордтардың керемет тізімі бар. Месси өзінің ептілігі, дриблингі және дәл соққысы арқылы мықты қарсылас атанған. Мансап барысында Лионель ойын деңгейін оң аяғымен көтере алды, бірақ сол аяғымен ол өзінің ең әдемі голдарын соғатыны анық.

Рафаэль Надаль

Рафаэль Надаль Францияның Ашық Чемпионатындағы рекордтық 14 жеңісті қосқанда, «Үлкен Дулыға» турнирлерінде жұпсыз разрядтағы 22 жеңісіне ие, бұл оны тарихтағы осындай жетістігі бар жалғыз теннисші етеді. Топырақтағы корттардағы 63 турнирде жеңіске жеткен ерекше жетістіктері үшін ол «Топырақ патшасы» деп атанған. Бірақ Надальдағы ең қызықты нәрсе-оның жаратылысы оңақай , алайда сол қолмен ойнайды. Балалық шағында теннисті кәсіби түрде ойнаған ағасы Тони Надальдан алған кеңесінің арқасында осындай жетістіктерге жеткен. Ол өзінің жиенін қарсыластарынан сәл артықшылық алу үшін сол жақта ойнауға шақырды, осыны ескере отырып, Рафаэль кеңесті шебер қолдана алды.

Конор Макгрегор

Октагондағы батыл трюктерімен және бөспе мәлімдемелерімен танымал ирландиялық азамат. UFC-дің жеңіл және жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы ретінде Макгрегор қарсыластарын сол қолымен күшін бірнеше рет көрсетіп, нокаутқа жіберген . Жозе Алдуға қарсы оның ең әйгілі жекпе-жегі тартыс басталғаннан 13 секунд өткен соң дәл осындай соққымен аяқталған.

Табысты солақайлар тізіміне қосылғыңыз келе ме? Parimatch-тың «Экспресті сол қолмен-ақ жасаңыз» акциясына қатысып, iPhone 13 Pro Max ұтып алыңыз, сондай-ақ 800 000 теңгені құрайтын жүлде қорынан бонустар алып үлгеріңіз.

Қатысу

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: