14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында жолдар жартылай жабылады
14 тамызда астанада мына бағыттар бойынша автокөліктердің қозғалысы жартылай шектеледі:
04:00-18:00 аралығында Б.Момышұлы даңғылы бойынша Елім-ай көшесінен бастап Сарыайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағы жартылай жабылады;
04:00-18:00 аралығында Байтұрсынов көшесі бойынша Тәуелсіздік даңғылына дейін жолдың екі жолағынһ жартылай жабылады;
04:00-11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылынан бастап – Нәжімеденов көшесі бойымен Қалдаяқов көшесіне дейін жартылай жабылады;
04:00-11:00 аралығында Нәжімеденов көшесінен бастап одан әрі Қалдаяқов көшесі бойымен Арыс көпірі арқылы көпірдің оң жағынан Мәңгілік Ел көшесіне түсіп, Достық көшесіне дейін Ақорда алдындағы алаңға оң жақ бұрылысы, бұдан әрі алаң айналасындағы шеңбермен және Арыс көпірінің астында ОКЗ бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне дейінгі жол жартылай жабылады;
04:00-11:00 аралығында Әлихан Бөкейханов көшесі бойымен Керей-Жәнібек көшесіне дейін жартыдай жабылады;
04:00-11:00 аралығында Керей-Жәнібек көшесі бойымен 38-ші көшеге дейін жартылай жабылады;
04:00-11:00 аралығында 38-ші көше бойымен Ұлы Дала даңғылына дейін жартылай жабылады
04:00-18:00 аралығында Ұлы Дала даңғылынан бастап Оңтүстік айналыс жолына дейін жартылай жабылады;
04:00-18:00 аралығында айналма жол бойынша М 36 тас жолынан түскенде Қорғалжың тас жолына бұрылысқа және Нұрпейіс Бағанин көшесімен қиылыста Велотұрақтың жанындаңы бұрылысқа дейін жартылау жабылады;
04:00 - 18:00 аралығында Оңтүстік айналма жолынан Ұлы Дала даңғылының оң жағында жаңа көпір арқылы Нәжімеденов көшесіне дейін жартылай жабылады;
04:00 - 18:00 аралығында Нәжімеденов көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін жартылай жабылады.
Стартқа әлемнің 77 елінен 2 200 триатлет қатысады. Бұл – екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы бірінші бәйге. Триатлеттер Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден келеді.