Майкл Джорданның жейдесі аукционға қойылды

Майкл Джордан, АҚШ, аукцион, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2022 22:54 Сурет: Instagram.com/heirjordan13
Аты аңызға айналған баскетболшы Майкл Джорданның «Чикаго Буллз» командасында киген жейдесі аукционға қойылды. 23 деген нөмірі бар жейде бәссаудада 5 миллион долларға сатылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атақты спортшы бұл киіммен 1998 жылы НБА-ның соңғы ойындарында өнер көрсеткен болатын, делінген «Хабар 24» таратқан ақпаратта.

Дәл сол жылы баскетболшы финалдың ең үздік ойыншысы атанған еді.

Сотбис аукцион үйі өкілдерінің айтуынша, №23 жейде бәссаудада 5 миллион долларға сатылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: