Тимофей Скатов Лиссабондағы турнирде тосын сый жасады

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 20:43 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Лиссабон корттарында өткен турнирде ширек финалға шықты. "Челленджердің" екінші айналымында петропавлдық спортшы әлемнің 122-ракеткасы, италиялық Франческо Пассародан басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимофей Скатовтың қарсыласы сайыстың фавориттері қатарынан болатын. Соған қарамастан қазақстандық итальяндыққа төтеп беріп, 2 сағат 45 минут ойын қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

Бүгіндері әлемдік рейтингте 233-ші орында тұрған Тимофей Скатов бұл жеңіске қол жеткізу үшін барлық үш партияда да өнер көрсетті – 6:1, 5:7, 6:1.

Ширек финалда қазақстандық теннисшіні атақты француз Бенуа Пэр күтіп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: