Алматылық акробаттар Азия чемпионатынан жеңіспен оралды
Сурет: Ильяс Отан
Павлодарда акробатикадан ХII Азия чемпионаты өтті. Оған 5 елден 150-ге жуық спортшы қатысты. Бұл жарыста Алматы акробатика мектебінің өкілдері жоғары деңгейдегі екі медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылықтар құрлық біріншілігінде нағыз сенсация жасады. Алматылық акробаттар кейінгі 5 жылда алғаш рет аралас жұптық жаттығуларда бірден 2 алтын жеңіп алды.
Біздің тәрбиеленушілеріміздің осындай үлкен және жауапты бастамадағы жетістігі - ең әуелі, СДЮШОР №9 мамандарының, атап айтқанда жаттықтырушылар мен хореографтардың еңбегі. Көз алдымызда жігіттер күн сайын екі рет дайындалып, сәтті өнер көрсетуге ынталанды.СДЮШОР №9 спорт мектебінің директоры Айсұлу Серікқызы
Азамат Саусақбаев, Медина Мәдиқызы, Руслан Коцюба, Максим Сандулов, Илья Маслов және Батырхан Бақытжанұлы жоғары дайындықты көрсетіп, биылғы Азия чемпионатының жеңімпазыы атанды.
Қола медальдарды Артем Павлов пен Милана Рузиева, сонымен қатар әйелдер тобындағы Кристина Бендюкова, Лейла Хабибуллина және Виктория Растворова жеңіп алды.
Қазақстандықтар көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көріну үшін барын салып жатыр. Бұл материалдық-техникалық базаның жақсаруы мен Милад Карими мен Нариман Құрбановтың ересектер деңгейіндегі лайық қойылымдарының арқасында деп ойлаймын. Бұл эстетикалық спортта біздің бай дәстүріміз бен үлкен әлеуетіміз бар. Алдағы уақытта жерлестеріміз бізді Олимпиада жүлделерімен қуантатынына сенімдімін.Айсұлу Серікқызы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript