Елордада Astana Open ATP 500 турнирінің жеребесі тартылды
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, еліміздің бірінші, әлемнің 41-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған нидерландылық Таллон Грикспурмен кездеседі.
Михаил Кукушкин әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен ойнайды.
Ақтау теннис мектебінің түлегі, 21 жастағы Бейбіт Жукаев әлемнің 35-ракеткасы, нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен кортқа шығады.
Әлемнің бірінші ракеткасы, US Open-2022 турнирінің чемпионы, испаниялық Карлос Алькарас рейтингте 31-сатыдағы даниялық Хольгер Рунемен сынға түседі.
Жарыстың екінші ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Альберт Рамос Виноласқа қарсылас атанды.
Додаға сондай-ақ «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович (жарыстың 4-ракеткасы), ресейлік Андрей Рублев (5), италиялық Янник Синнер (6), поляк Хуберт Хуркач (7), канадалық Феликс Оже-Альяссим (8) және басқалар қатысады.
Турнирге қатысушылардың құрамы өте мықты. "Мастерс" және "Үлкен дулыға" жарыстарынан кем түспейді. Сондықтан матчтар өте тартысты өтетін болады. Өз шеберлігімді көрсету үшін бар күшімді саламын, - деді Даниил Медведев.