Қазақстан құрамасы маунтинбайктан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

чемпиондар, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 10:34 Сурет: Instagram/drs_kz
Сунчхонда (Оңтүстік Корея) маунтинбайктан Азия чемпионаты басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандықтар эстафетада (XCR) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының намысын Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Саркулова және Темірлан Мұхамедьянов қорғады.

21-22 қазанда қазақстандық спортшылар маунтинбайктің басқа түрлерінен жарысқа шығады. Азия чемпионатының бағдарламаларында Қазақстан атынан мына спортшылар өнер көрсетеді:

Ерлер: Темірлан Мұхамедьянов.

Әйелдер: Алина Саркулова және Татьяна Генелева.

Жастар: Денис Сергиенко, Егор Карасев және Алтынбек Аханов.

Жасөспірімдер: Алина Спирина мен Виолетта Казакова, Никита Галкин, Константин Шинкарук, Константин Казаков, Алексей Фефелов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: