Қазақ футболының ардагері Сұлтан Әбенов дүние салды
Сурет: kff.kz
Сұлтан Әбенов 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол футболшы ретінде мансабын аяқтаған соң "Қайрат" командасын басқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда футбол мектебінің түлегі алғаш рет 17 жасында "Автомобилист" командасының сапында жасыл алаңда жарқылдап, жанкүйерлердің жүрегін жаулады, деп жазды Қазақстан футбол федерациясының сайты. Ол қызылордалық команданың қатарында КСРО чемпионатында 100-ден астам ойын өткізіп, 33 гол соқты. Сонымен қатар алматылық "Қайраттың" сапында ойнады.
Ойын мансабын аяқтаған соң Сұлтан Әбенов "Қайрат" командасын басқарды. Әрі қарай партия мен дипломатия қызметіне ауысып, әр жылдары ҚР премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР парламенті мәжілісінің аппараты жетекшісінің орынбасары, ҚР президент әкімшілігінде қызмет атқарды.
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Отандық футбол жанкүйерлерінің жадында Сұлтан Әбенов туралы естелік мәңгі сақталмақ.Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript