Голубев пен Недовесов АТР 500 турнирінің финалына өте алмады

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2022 12:25 Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасының өкілдері Андрей Голубев пен Александр Недовесов АТР 500 Swiss Indoors Basel турнирінің финалына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Базельдегі беделді жұптық турнирде Александр Недовесов пен Андрей Голубев Иван Додиг (Хорватия) / Остин Крайчек (АҚШ) жұбына есе жіберді. Есеп  - 3:6, 4:6.

Айта кетсек, кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.

Бір күн бұрын осы турнирде Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик те өз ойынын аяқтауға мәжбүр болды. Ол ширек финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Алясимнен 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Осындай сәтсіздіктеріне қарамастан, Қазақстан теннисшілерінің бұл триосы 31 қазанда жаңартылатын рейтингтік көрсеткіштерді өз жағдайларын аздап түзей алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: