Жеңіліп көрмеген Қазақстан боксшысы АҚШ-тағы титулды жекпе-жекте нокаутқа түсіп қалды

WBA Regular чемпион белбеуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2022 10:27 Сурет: Instagram/yerbossynuly_aidos
Өз мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) жас кубалық Дэвид Моррельге (7-0, 6 КО) қарсы титулдық жекпе-жекте алғаш рет тізе бүкті. Онда да ол нокаутқа түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBA Regular чемпионы белбеуі көнге тігілді.

Келешегі зор әрі жас кубалық жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап шаршы алаңда отандасымызды тықсыра қуалап, ақырындап ұпай жинады.

Ал соңғы 12-раундта Моррела өзі жоспарлаған айла-шарғысын сәтті жүзеге асырып, Айдосты нокаутқа жіберді.

Миннеаполистегі осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық – Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) өнер көрсетті, ол өз кезегінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Кәсіби аренадағы үшінші жекпе-жегінде ол америкалық Демаркус Лейтонды техникалық нокаутпен жеңді (8-3-1, 5 КО).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: