Семсерлесуден ҚР жасөспірімдер құрамасы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
Сурет: pixabay
Қорытынды күні командалық жарыстар өтіп, қазақстандық жас семсерлесушілер қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға тартыста Қазақстан құрамасы Болгария құрамасынан мықты екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда семсерлесуден жасөспірімдер арасында Almaty Jastar Saber Cup (әйелдер арасындағы, жеке және топтық жарыстар) әлем кубогы аяқталды, деп жазды рrosports.kz.
Жартылай финалға шығу үшін құрамында Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко және Әдемі Серікбай бар Қазақстан құрамасы Грузия қыздарын 45-17 есебімен ұтты.
Жасөспірімдер арасындағы жеке біріншіліктің бірінші күнінде қазақстандық Әдемі Серікбай қола жүлдеге қол жеткізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript