Айдос Ербосынұлы ауруханадан шыққан соң видеоүндеу жасады
Фото: Instagram/suleimen_promotions_official
Америкалық клиникада емделіп жатқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шығып, 2 желтоқсанда жанкүйерлеріне видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы үндеуінде өзіне қолдау көрсеткені үшін жерлестеріне алғыс айтты.
6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңіліп, ауыр жарақат алды. Американың Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне боксшыға шұғыл операция жасады. Біраз уақыттан кейін спортшы клиникадан шықты.
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейінгі алғашқы суретін бөлісті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript