Хабиб суға батқан екі досын құтқарған қазақстандық балаға өз кітабын сыйлады

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 21:03 Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov
Даңқ залының мүшесі және UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нұрмағомедов мұз жарылып, өзенге түсіп кеткен достарын құтқарған кішкентай қазақстандыққа өз кітабын тарту етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабиб Атыраудағы Batyr ball турниріне құрметті қонақ ретінде қатысты. Ол 8 жасар Дінмұхамед Серікұлының суға батып бара жатқан екі баланы аман алып қалған видеосын тамашалады.

"Жарайсың. Киімшең, суық суда. Психологиялық тұрғыда сондай күйге түсу қиын болған шығар", - деді танымал спортшы баланың әрекетін бағалап.

Хабиб Нұрмағомедов жас қаһарманға өзінің кітабын сыйлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: