ӘЧ-2022: Марокко жартылай финалға өткен Африкадағы алғашқы құрама болды

Марокко, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2022 23:18 Сурет: fifa
Португалия құрамасының футболшылары Катарда өткен әлем чемпионатының 1/4 финалында Марокко командасынан 0-1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матчтағы жалғыз голды Юссеф Эн-Несири 42-минутта соқты. Ол командаласы Яхья Аттьят-Алланың айып алаңына көтерген добын сәтті пайдаланды, өз құрамасына жеңіс сыйлады. 

Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға 51-минутта шықты. Ол Рубен Невесті алмастырды. Бұл матч Роналду үшін ұлттық құрамадағы 196-ойыны болды. Ол ұлттық командалар үшін ең көп матч өткізген футболшы. 

Айта кетейік, Марокко құрамасы мундиальдың жартылай финалына шыққан африкалық алғашқы команда болды.

1/2 финалда Марокко Англия – Франция жұптарының жеңімпазымен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: