Елена Рыбакина "Алтын адам" сыйлығының лауреаты атанды
23 жастағы Рыбакина биыл Уимблдонның жалғыз жеңімпазы және екі WTA титулын иеленді. Елена 2022 жылды әлемдік рейтингтің 21-қатарында аяқтады.
Бұл байқау 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. "Алтын Адам" иегерлері - белгілі бір салада жыл көшін бастағандар. Жеңімпаздарды анықтау жан-жақты ұйымдастырылады: тұрғындар арасында сауалнама, сарапшылардың дауыс беруі, ұйымдастыру комитетін талдау және қазылар алқасының мүшелерін іріктеу.
Сурет: ktf.kz
Осы жылдарда "Қазақстандағы №1 жыл таңдауы" – "Алтын адам" жүлдесінің иегерлері атлеттер Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Елена Хрусталева, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Фируза Шарипова, Қазбек Валиев, Зульфия Ғабидуллина және тағы басқалар болды.