Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы жастары қалалық чемпионатқа қатысып, ақшалай сыйлық ұтып алды

спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 18:36 Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда үстел теннисі орталығында Alma CUP қалалық чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,  халық арасында бұқаралық спортқа қатысушылар санын арттыру, спорт саласының үздік жастарын анықтау. 

Желтоқсанның 8-не басталған чемпионатта Алматы қаласының 1000-нан астам түрлі санаттағы жастары футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт ойындары бойынша сайысқа түскен болатын. Жүлде қоры 4 150 000 теңгені құраған чемпионатта, жеңімпаздар арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды. Шара Алматы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастырды. 

"ALMA CUP қалалық чемпионатын ұйымдастыру барысында қаланың түрлі санатындағы жастарын қамтуға тырыстық. Сәйкесінше чемпионатқа ЖОО, колледж студенттері, базар жастары, құрылыс, текстиль, курьерлік қызмет саласының мамандары да қатысты. Чемпионатқа жастардың қызығушылығы өте жоғары болды. Бұл қаламыздағы спорт сүйер жастардың көптігін көрсетеді", - деді жоба ұйымдастырушысы Жасұлан Бостандықұлы.

ALMA CUP қалалық чемпионатының нәтижесі: 

Футбол турнирі

Үздік ойыншы Иманбеков Алмас – 50 000 теңге;

Үздік қақпашы Орынбасар Нұрболат – 50 000 теңге;

Үздік бомбардир Райымбек Мадияр және Бақдәулет Жүзбай – 50 000 теңгеден;

1-орын «Қайрат Жастар» командасы – 500 000 теңге;

2-орын «Kartop» командасы – 300 000 теңге;

3-орын «Satbayev University» командасы – 150 000 теңге;

Волейбол турнирі

Ерлер құрамасы

1-орын Алматы полиграфия колледжі – 300 000 теңге;

2-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 200 000 теңге;

3-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 100 000 теңге;

Әйелдер құрамасы

1-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 300 000 теңге;

2-орын «ZhaStar» еркін құрамасы – 200 000 теңге;

3-орын С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 

– 100 000 теңге;

Баскетбол турнирі

Ерлер құрамасы

1-орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті– 300 000 теңге;

2-орын «IMS» командасы – 200 000 теңге;

3-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 100 000 теңге;

Әйелдер құрамасы

1-орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Squirrels KazNu – 300 000 теңге;

2-орын «YuVA» командасы – 200 000 теңге;

3-орын Қазақ спорт және туризм академиясы – 100 000 теңге;

Киберспорт турнирі

1-орын «AZIZPEEK» командасы – 300 000 теңге;

2-орын «SIGMA 16» командасы – 200 000 теңге;

3-орын «5G1L» командасы – 100 000 теңге;


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: