Жаңалықтар тізбегі
0

ХОК Ресей мен Беларусь спортшылары 2024 жылғы Олимпиадаға тек бір жағдайда қатыса алатынын айтты

Жазғы Олимпиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2023 18:59 Сурет: Instagram/paris2024
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бір жылдан кейін Парижде өтетін жазғы ойындарға Ресей мен Беларусь мемлекетінің қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын хабарлады. Бірақ спортшыларға мемлекетінің туынсыз және әнұранынсыз өнер көрсетуі керек болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақында ХОК Украинадағы әскери қақтығысты қолдамайтын ресейлік спортшыларды жарыстарға нйетарльды мәртебеде қатыстыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Содан кейін Олимпиада комитетінің ресми өкілдері бұл мәселе қазіргі уақытта қарастырлып жатқанын растап, Ресей мен Беларусь спортшыларының Парижге келетінін жоққа шығармады.

"Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиадада ресейлік және беларусь делегациялары өз туын көтеріп шығады деген жоспарда жоқ. Оларды қатыстырудың тек жалғыз нұсқасы бар, яғни "Роллан Гаррос-2022" және теннистен 2023 жылы өткен Австралия ашық чемпионатындағы сияқты, онда спортшылар бейтарап өз алдына қатысқан". Оливье Веран, ХОК өкілі

Бұл мәселе жазда ХОК сессиясының бірінде түбегейлі шешіледі. 2024 жылғы жазғы Олимпиада Францияда 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: