Роналдудың қолын алмаған "Қайраттың" экс-футболшысын хейтерлер "бас салды"

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2023 13:52 Сурет: видеодан алынды
Аталған ыңғайсыз жайт Сауд Арабиясы чемпионатында әл-Насыр мен әл-Таавун командалары арасында тартысты өткен матч кезінде орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қақпаға әл-Таавунның шабуылшысы Леандре Тавамба соққан гол дөп түсті, алайда офсайд тіркеліп, оның күші жойылды. Криштиану Роналду зор өкінішке бой алдырған қарсыласын қолдауды жөн санап, оған қолын созады. Алайда, Тавамба Роналдудың қолын алмай, кейін осы әрекеті үшін желіде хейтерлердің "шабуылына ұшырады", деп хабарлайды meta-ratings.kz.

Бұл матчта 2:1 есебімен әл-Насыр жеңіске жетті. Бұл ойында португалдық жақсы пас бере алуы арқылы көзге түсті.

Айта кетсек, Леандре Тавамба 2016 жылы "Қайрат" командасында өнер көрсеткен. Алматы клубы сапында камерундық барлығы 22 матч өткізіп, 4 гол соға алған. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: