"Әл-Насыр" Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырды

Криштиану Роналду, ұлы, Әл-Насыр, келісімшарт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 21:22 Сурет: Instagram/Cristiano Ronaldo
Саудиялық "Әл-Насыр" өзінің шабуылшысы Криштиану Роналдудың ұлымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 жастағы кіші Криштиану Роналду "Әл-Насырдың" жастар командасында 13 пен 15 жастағы футболшылармен ойнайтын болады және оған тура әкесіндегідей 7-ші нөмір беріледі. Кіші Криштиану Роналду "Әл-Насыр" үшін алғашқы матчын 20 қазанда өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz Ar-Riyadiyah басылымына сілтеме жасап.

Мұның алдында кіші Роналду футбол карьерасын испаниялық "Посуэло" клубында бастап, екі жылда 55 гол салған еді. Кейін әкесімен бірге туриндік "Ювентуске" ауысты, онда ол 28 матчке қатысып, 58 гол соқты және 18 ассист жасаған. 13 жастағы футболшы ойнаған кейінгі команда - "Манчестер Юнайтед".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: