Жаңалықтар тізбегі
0

"Реал Мадрид" - "Ливерпуль": Айдын Қожахметтің матқа қатысты болжамы

Parimatch, Реал Мадрид, Ливерпуль, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 17:46 Сурет: Parimatch
"Реал" қарсылас алаңындағы бірінші кездесуде үлкен жеңісті қанжығасына байлағандықтан, бұл жекпе-жек жай ғана формалды болып өтеді деп ойлаймын.

Алайда бірнеше жыл бұрын "Ливерпуль" қақпасына "Барселонадан" 3 гол жіберіп алып, содан кейін жауап матчында үлкен камбэк жасаған кезіне ұқсас жағдайды ескеретін болсақ, әлі де болса бір ғажайып болады деп сенгім келеді.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы шайқасқа қатысты өз болжамымен бөлісті.

"Реал"

Өткен жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы биыл да кубокты иемденуге ниетті. Чемпионатта "кілегейлілердің" жағдайы ойдағыдай қалыптасып жатқан жоқ, ал олардың қас жаулары "Барселона" командасы турнир кестесінде олардан алыстап кетті. Алайда, бұл турнирде мадридтіктер табысқа жетудің құпиясын жақсы зерттеген сияқты.

"Энфилдте" Карло Анчелоттидің командасы әдемі ойын көрсетіп, "Ливерпульдің" қорғанысын ойсырата бұза алды. Бұл жолы оларға дәл сол сияқты күш салудың қажеттілігі туындамауы мүмкін. Тіпті жаттықтырушы көшбасшылардың біріне дем алуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Тіпті қорғаушы Дэвид Алаба бұрынырақ алған жарақатына байланысты, ойынға қатыспайтыны анық болып отыр.

"Ливерпуль"

Юрген Клопп командасының ерлік жасауға қабілеті бар. Ол үшін көп жағдай сәйкес келуі керек. Мысалы, барлық футболшылар жаттықтырушыға қол жетімді және жақсы күйде болуы үшін, киім ауыстыратын бөлменің ішіндегі атмосфера керемет болуы, ал қарсыласы олардан мықты болып көрінбеуі тиіс. Алайда, қазіргі қалыптасқан жағдайда айтылғандардың ешқайсысы "Ливерпульдің" пайдасына сәйкес келіп тұрған жоқ : маусым мерсисайдтар үшін сәтті өтіп жатыр деп айтуға болмайды, жарақат алғандар көп. Гомес, Диас, Тьаго Алькантара және Кейта лазаретте."Реалмен" ойындағы айырмашылық бірінші матчтың өзінде-ақ сезілді. Бірақ, "Ливерпуль" деген атағы бар екенін ұмытпаған жөн, ал бұл жігіттер жеңісті оңай беріп қойып, қарап отырмайтыны анық.

Жеке кездесулер тарихы

"Ливерпульге" Мадридтен асқан ыңғайсыз қарсылас табу екіталай. Англия клубы "кілегейлілерді" соңғы рет сонау 2009 жылы жеңген болатын, содан бері олар алаңда 7 рет бас түйістіріп, әрең дегенде бір рет тең нәтижеге қол жеткізді. Қалған кездесулерде "Реал" билік етіп, жеңісті қанжығасына байлап отырған. Осы аралықтағы екі кездесу Чемпиондар Лигасының финалында өткен болатын! Бір сөзбен айтқанда, "Ливерпуль" бұл клубқа тіс қайрап жүргені анық!

Матчқа болжам

Іске асуы екіталай оқиғаға қандай да бір үміт артамын деген құлшынысыма қарамастан, "Реал" өзінікін бұл жолы да жіберіп алмайды деген ойдамын. Маған Ж1 Ф(0) ұтыс тігу нұсқасы ұнайды. Менің Parimatch-тегі серіктестерім бұл оқиғаны жомарт 1.72 коэффициентімен бағалаған.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне төмендегідей болжам жасайды:

«Реал Мадрид» - 2.44, Тең ойын - 4.00, «Ливерпуль» - 2.65


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: