Теннистен Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Ярослава Шведова бастаған бапкерлер штабы дүниежүзінің 10-ракеткасы Елена Рыбакинамен бірге бірнеше ойыншыны таңдап алған.
Қазақстан намысын сондай-ақ әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингте 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей сын, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық сын, WTA, 973) қорғайды. Қосымша ойыншы - Аружан Сағындықова (жекелей сын, WTA, 968).
Бәсекелер 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript