Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қазақша күрестен "Әскер барысы" белбеуі сарапқа салынды

Қазақша күрес, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 19:41 Сурет: 24.kz
Алматыда бүгін қазақ күресінен "Әскер барысы" белбеуі сарапқа салынды. ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті Орталық спорт клубының мүшесі Марат Байкамұров "Әскер барысы" атағына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" мәліметінше, Қазақстанның барлық күштік құрылымдарынан топ жарған 20 палуан қорытынды турнирдің боз кілемінде белдесті. Бір күнге жоспарланған турнир қатысушылары жеребе тарту арқылы жұп-жұпқа бөлінді. Тартысты бәсекеде үшінші орын "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының өкілі Асылжан Қуанышбаевқа бұйырды. ІІ-орынды Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті Орталық спорт клубының сарбазы Ғалымжан Қырықбаев алды. Ал осы клубтың тағы бір мүшесі Марат Байкамұров "Әскер барысы" атағына ие болды.

Енді "Әскер барысы" атанған Марат пен күміс белбеу иегері Ғалымжан республикалық "Қазақстан барысы" ұлттық сайысында әскерилердің намысын қорғайды. Жеңімпаздарға арнайы белбеуден өзге қаржылай сыйақы да берілді.

"Қазақстан барысында "Әскер барысы" атанған әскери қызметшілер бірнеше мәрте топ жарды. Жүлдегер атанды, жеңімпаз атанды. Ерасыл Қажыбаев, Әділ Оразбаев сынды әскери қызметшілер Қазақстан барысында өте жақсы нәтиже көрсеткенін дүйім жұрт біледі". ҚР ҚМ Спорт комитеті Орталық спорт клубының бөлім басшысы Ербол Игісінов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: