Елена Рыбакина Майамидегі турнирінде алғашқы матчын өткізеді

Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2023 12:27 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) турнирде алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Оның алғашқы қарсыласы ресейлік Анна Калинская (WTA рейтингінде 64-орын) болады.

Бұған дейін Елена Рыбакина мен Анна Калинская бір рет ойнаған. 2019 жылы Плейфордта (Аустралия) өткен турнирдің финалында Анна Калинская Елена Рыбакинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңген.

Еске салайық, жуырда Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) ірі турнирде жеңіске жетіп, әлемнің 7-ракеткасы атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: