Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері жолдама үшін Жапониямен таласады

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 01:19 Сурет: ktf.kz
Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.

Сергей Квактың шәкірттері Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, бүгін соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.

Осылайша, ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.

Қазақстандықтар жапониялықтарды жеңген жағдайда жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: