Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Сәпиев Қазақстан спортшылар одағы төралқасының төрағасы болды

Қазақстан спортшылары одағы төралқасының төрағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2023 12:31 Сурет: Instagram/serik_sapiyev
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан спортшылар одағы төралқасының төрағасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Заманауи мәселелерді кешенді түрде шешу, проблемаларды талдау және шараларды уақтылы жүргізу үшін кәсіподақ төралқа құру туралы шешім қабылдады, онда алқалы жиында шешу үшін барлық өзекті мәселелер талқыланады", - делінген хабарламада.

Серік Сәпиев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Білімі:

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "дене шынықтыру оқытушысы" және "құқықтану" мамандықтары бойынша; 2014 жылы — Брунель университетін ("Болашақ" бағдарламасының стипендиаты) тәмамдаған; 2016 жылы Қазақ спорт және туризим академиясының педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2002 жылы бастаған. Түрлі жылдары "Қазақстанның бокс федерациясы" ЗТБ жаттықтырушы-оқытушысы, спорт жөніндегі директоры; Astana Arlans бас директоры қызметтерін атқарған.

2017 жылғы ақпан айынан бастап Парламент мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

2019 жылы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бокс бойынша екі мәрте әлем чемпионы (2005, 2007), екі мәрте Азия чемпионы (2007, 2009), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009). Азия ойындарының жеңімпазы (2010).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: