Мырзағали Айтжанов бокстан әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын 13 спортшының аты-жөнін атады
Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұсынды. Біздің боксшылар осы күндері Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізуде, ал аптаның соңында Ташкентке барады, өйткені 1 мамырда онда әлем чемпионаты басталады.
Сонымен Ташкенттегі шаршы алаңда мына споршылар ел намысын қорғайды: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (52 кг), Махмұд Сабырхан (56 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қонқабаев (92 кг жоғары).
Медальдар әлемнің 104 елінен келген 600-ден астам боксшы арасында 13 салмақ дәрежесінде сарапқа салынады. 10-нан астам бокс державалары өкілдері Ресей мен Беларусь боксшыларының турнирге қатысуына байланысты бойкот жариялап, аталған әлем чемпионатына қатысудан бас тартты.
Аталған турнирдің чемпиондары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тіккен 200 000 АҚШ долларын, екінші орын иегерлері 100 000 АҚШ долларын, ал үшінші орындағылар 50 000 АҚШ долларын иеленетін болады. Бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионаты 14 мамырда аяқталады.