Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 23:35 Сурет: instagram.com/yulia_putintseva/
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Madrid Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева америкалық теннисші, әлемнің 55-ракеткасы Клер Лимен ойнады. Есеп 6:4, 6:4.

Матч 1 сағат 45 минутқа созылды.

Юлия Путинцева матч кезінде бір эйс орындап және бірде-бір қос қателік жасамады. Енді ол турнирдің келесі кезеңінде франциялық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Каролин Гарсиямен ойнайды.

Қазақстандық теннисші бір күн бұрын WTA-рейтингісінде 6 саты төмен түсіп, 45-орыннан 51-орынға жайғасқан еді.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина да Мадридтегі турнирге қатысып жатыр. Оның жекелей сындағы алғашқы ойыны 27 сәуірге жоспарланған, алайда кіммен ойнайтыны әлі хабарланбады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: