Жаңалықтар тізбегі
0

Александр Бублик Мадридтегі "Мастерс" турнирінің келесі кезеңіне өтті

Александр Бублик Сурет: instagram.com/bublik/
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан АTP 1000 турнирінің бірінші айналымында колумбиялық Даниэль-Элаи Галанды жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде 100-орында тұрған оңтүстік америкалық теннисші Даниэль-Элаи Галанды жеңу үшін 3 сағатқа жуық ойнады.

Есеп 7:6, 6:7, 6:4.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 17 эйс орындап, 13 рет қос қателік жасады.

Александр Бублиіктің келесі қарсыласы әлемнің 7-ракеткасы Хольгер Руне болмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз