Мадридтегі "Мастерс" турнирінде Елена Рыбакина жапондық жұпты сан соқтырды
Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 Madrid турниріндегі жұптық жарысты сәтті бастады. Ол ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге Жапония өкілдері Шуко Аояма мен Ена Шибахараны жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рыбакина/Павлюченкова жұбы жетінші нөмірде өнер көрсеткен жапон теннисшілерінен мықты екенін дәлелдеп, екі сетте 6:0, 6:1 ұпайымен оларды ойсырата ұтты.
Небәрі 51 минутқа созылған матчта Рыбакина мен Павлюченкова 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.
Жүптық жарыстардан кейін Елена Рыбакина жекелей сында өнер көрсетеді. 28 сәуірде ол турнирдің екінші айналымында жақында ғана Майамиде кездескен ресейлік Анна Калинскаямен ойнайды. Ол кезде Елена одан басым түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript