ӘК-2023: Қазақстанның ватерболшылары іріктеу турнирінде неміс құрамасын сан соқтырды

Су полосы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 19:27 Сурет: Instagram/waterpolo_kaz
Су полосы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы Әлем кубогының екінші дивизионының іріктеу турнирінде Германия командасын ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан намысын қорғаған ватерполшылар бірінші турдағы кездесуде жарыс қожайындары - неміс құрамасын 11:7 есебімен жеңді. Бұдан бөлек В кіші тобында Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияның командалары да бақ сынайды. А кіші тобы болса, тағы төрт командадан: Оңтүстік Африка, Израиль, Өзбекстан және Украина өкілдерінен тұрады.

Осы іріктеу жарыстарының регламенті бойынша, суырылып алға шыққан үздік екі команда 2023 жылдың маусым айында Американың Лонг-Бич қаласында өтетін Әлем Кубогының финалдық турниріне жолдама алады. Яғни, өз тобында алғашқы екі орынды иеленген құрамалар жолдамадан үмітті.

Екінші матчты Қазақстан әйелдер құрамасы өзінің кіші тобында 2 мамырда кешке Ұлыбритания құрамасына қарсы өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: