Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Аустралияны жеңді

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен командалық әлем чемпионатының D тобының іріктеу кезеңінде Аустралия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 23-орын) Майя Джойнтпен (WTA – 78) болған кездесуде 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Жарыс тағдырын мерзімінен бұрын шешкен жеңісті Елена Рыбакина (WTA – 10) сыйлады. Ол Кимберли Биреллден (WTA – 61) 6:3, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.
Жарыс күнінің үшінші матчында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева жұбы Сторм Хантер / Эллен Перес жұбына 3:6, 4:6 есебімен жол берді. Алайда бұл кездесу турнир кестесіне әсер етпеді.
11 сәуірде Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан құрамасы Колумбиямен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript