Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал спорт маманы Бибосыновтың жекпе-жегі туралы: Тең ойын, негізі...

Сәкен Бибосынов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2023 17:48 Сурет: sports.kz
Бокстан Марокко ұлттық құрамасын жаттықтырушы қазақстандық Ерік Алғабек Ташкентте бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында өнер көрсеткен жерлесіміз Сәкен Бибосыновқа қатысты төрешілердің даулы шешіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 7 мамырда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады. Төрешілердің бұл даулы шешіміне қатысты Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым жолдады.

Осы жайтқа қатысты бокстан Марокко ұлттық құрамасын жаттықтырушы қазақстандық Ерік Алғабек Sports.kz-ға пікір білдірді. 

"Тең ойын, негізі. Жеңісті біздің боксшыға да, сол секілді үндіге де беруге болады. Біздің тараптың шағым жолдағанын естідім. Бірақ, менің ойымша, мұндай жекпе-жектер қарастырылмайды", - дейді белгілі маман.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: