Әлем чемпионатында өнер көрсеткен 13 боксшымыздың қаншасы жартылай финалға өтті

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалына бес қазақстандық боксшысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz мәліметінше, Әлем чемпионатының финалына шығу үшін Санжар Ташкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Нұрбек Оралбай (80 кг) өз бағын сынайтын болады. Олардың әрқайысы кемінде қола медальдан үмітті екенін айта кетелік.
Бокстан Қазақстан құрамасы атынан 2023 жылғы Әлем чемпионатына 13 спортшы қатысты. Сәкен Бибосынов (51 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Қоңқабаевтар (+92 кг) жыртылай финалға жете алмай сүрінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript