Жаңалықтар тізбегі
0

16 жастағы қазақстандық шахматшы қытайлық әлем чемпионын ұтты

шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2023 23:46 Сурет: instagram.com/kzchessfederation/
16 жастағы қазақстандық шахматшы Алуа Нұрманова жаһандық Pro Chess League финалында қазіргі әлем чемпионы қытайлық Цзюй Вэньцзюнді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, Алуамен бір командада гроссмейстерлер Хикару Накамура, Владимир Федосеев және Шамсиддин Вохидов өнер көрсетті.

Pro Chess League (PCL) — жүлде қоры 150 000 АҚШ доллары болатын шахмат лигасы. Ол 1 ақпаннан 15 мамырға дейін өтті.

Лиганың негізгі кезеңінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншыларды жинаған 16 команда қатысты. Олардың ішінде Магнус Карлсен, Хикару Накамура, Аниш Гири, Фабиано Каруано, Александр Грищук, Катерина Лахно және басқа да гроссмейстерлер болды.

Алуа сонымен қатар халықаралық гроссмейстерлер Адхибан Баскаранмен (Үндістан), Николас Теодорумен (Грекия), Бенджамин Бокпен (Нидерланды) тең түсті.

Алуа Нұрманова  — Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, оқушылар арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында әлем чемпионы, кадеттер арасында Азия чемпионы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: