Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды

коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2023 17:26 Сурет: pixabay
Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада.

Осылайша, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.

"Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирус әлі де тарап жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады".Денсаулық сақтау министрлігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: