Қазақстанда кейінгі бір аптада 41 адам коронавирус жұқтырған
Кейінгі мәліметтер бойынша Қазақстанда аурудың екі штаммы кең таралған, олар XBB және EG.5 "Eris". Барлық нұсқа Omicron-нан шыққан және әдетте өте жұқпалы. Omicron инфекциясымен байланысты негізгі белгілер - жөтел, шаршау, мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағуы.
Штамдар арқылы жұқтыру ықтималдығының жоғары болуына қарамастан, Қазақстанның эпидемиологтары қазан айында өткен аймен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендегенін атап өтті.
Елімізде бүгінге дейін барлығы 1 505 511 жағдай тіркелсе, оның ішінде биыл жыл басынан бері 11 775 оқиға тіркелді.
Дәрігерлер вакцинация коронавируспен күресудің ең тиімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Ұлттық денсаулық сақтау орталығы барлық осал тұрғынды тұмауға және COVID-19-ға қарсы, әсіресе 65 жастан асқан, иммунитеті төмен немесе жүрек, өкпе және қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар тұрғындарға вакцина салуды еске салды.
Бұған қоса, бұрын Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл ден қою шаралары қабылданған еді. Дәрігерлер балаларды қосымша жаппай иммундауды бастады.