Елена Рыбакина: Бүгінгі ойыныма көңілім толады

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2023 23:18 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы алғашқы жеңісі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Брендаға қарсы ойынның басында мен кортқа және қарсыластың ойын стиліне үйренуіме тура келді, өйткені бұл біздің бірінші кездесуіміз еді. Маған біраз шыдамдылық жетіспеді. Бірінші ойынның соңында мен өз ойынымды таптым. Екінші айналымда Носковамен қарсы ойын өткіземін. Ол турдың үздік ойыншысы, былтырдан бері Линда жақсы нәтиже көрсете бастады. Өздеріңіз көріп отырсыздар, негізгі матчта Чехиядан көп ойыншы бар және чех мектебі әрдайым мықты болды, мен жеңіске жетуге дайынмын, бірақ бұл оңай ойын болмайтынын білемін", - деді қазақстандық теннисші баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Елена Рыбакина "Ролан Гарростың" бірінші айналымында чехиялық Бренда Фрухвиртованы 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: