Жаңалықтар тізбегі
0

Құрлықаралық Кубок-2023: пара хоккейден Қазақстан құрамасы қола медаль иеленді

Хоккей, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 20:40 Сурет: csp-parasport.kz
Топтық кезеңде қазақстандық пара хоккейшілер Ресей-1 (8:0) және Ресей-2 (9:1) командаларына жол беріп, Арменияны 13:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сочиде пара хоккейден IV Құрлықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды "Дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығы" РМҚК баспасөз қызметі.

Үшінші орын үшін таласта отандастарымыз Армениямен кездесіп, 8-0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

"Әрине, медаль жеңіп алған жақсы. Біз бұған екі жыл ішінде қол жеткіздік. Медаль алғанымызға әлі сене алмай тұрмыз. Біз бұған қажырлы еңбектің арқасында жеттік. Осындай турнир үшін командам мен оны ұйымдастырушыларға рақмет айтамын. Биыл біз әлем чемпионатына қатысамыз. Онда да лайықты өнер көрсетіп, ел намысын халықаралық деңгейде сәтті қорғаймыз деп үміттенеміз. Жарыстардан жақсы тәжірибе жинадық, бұл бізді үлкен жетістіктерге жетелейді. Біз әлем чемпионатының жоғарғы тобына ілініп, Паралимпиадада ойнағымыз келеді. Бұл - біздің мақсатымыз. Осыны арман етеміз". Пара хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылшысы Қайрат Сабиров

Сәуір айының соңында қазақстандықтар парадзюдодан Азия чемпионатында төрт медаль жеңіп алған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: