Жаңалықтар тізбегі
0

"ПСЖ" Мбаппені "Реалға" 250 миллион еуроға жіберуге келісті

"ПСЖ", "Реал Мадрид", футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 10:05 Сурет: Instagram/k.mbappe
Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе жақын арада испандық "Реал Мадридтің" жейдесін киетін болды. Корольдік клуб 24 жастағы шабуылшыны 250 миллион еуроға ауыстыруға келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

PSG Community таратқан мәлімет бойынша, франциялық клубтың иесі Тамим бин Хамад әл Тани "Реал Мадридтің" бас бапкері Флорентино Переспен келіссөз жүргізгеннен кейін Мбаппені сатуға келісті. Трансфердің жалпы сомасы 250 миллион еуро деп бағаланды, оның 200 миллионы бірден "париждіктердің" есепшотына, ал қалған 50-і бонус түрінде аударылады.

ПСЖ, Реал Мадрид, Мбаппе, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 10:05

Сурет: Instagram/k.mbappe

Енді "Реал Мадридтің" ресми мәлімдемесін күту қалды. Мбаппе бұған дейін "ПСЖ-ға" келісімшартты 2025 жылға дейін ұзартпайтынын ескерткен.

Мбаппе өткен маусымда 34 ойынға қатысып, 29 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Ал 2022 жылы Қатарда өткен футболдан әлем чемпионатында 8 голмен үздік сұрмерген атанса, оның командасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: